Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тың мәлімет шықты

Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тың мәлімет шықты

Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өлімі: тың мәлімет шықты
ашық дереккөзі
«Екібастұз жылу энергиясы» ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Қаза тапқан ЖЭО учаскесінің бастығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Онда қаза тапқан 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық іздері болмағаны туралы полицияның мәліметі жарияланды. «Екібастұз жылу энергиясы» баспасөз қызметі Pavlodarnews.kz тілшісіне қызметкердің қайтыс болғанын растады.
«4 желтоқсан күні «Екібастұз жылу энергиясы» ЖШС-не Полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесі табылғаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады, - делінген хабарламада.