Жаңалықтар

ӘЧ: ширек финалда Хорватия Бразилиямен кездеседі

ашық дереккөзі

ӘЧ: ширек финалда Хорватия Бразилиямен кездеседі

Катар астанасы Дохадағы «974» стадионында әлем чемпионатының 1/8 финалының соңғы ойыны өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 10-минутында Винисиус Жуниор гол соқты. 3 минуттан кейін Неймар есепті еселеді. Матчтың 29-минутында Ришарлисон Андраде есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның 36-минутында Лукас Пакета таблодағы есепті ұлғайтты. Есеп – 4:0. Оңтүстік Корея құрамасының футболшылары есепті 76-минутта ғана қысқарта алды.  Паик Сенг Хо соққан гол ойын өрнегін өзгерте алған жоқ.