Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды

Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды

Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды
ашық дереккөзі

Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. «4 желтоқсанда сағат 21:25-те ВАЗ-21099 автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды», - делінген интернетте тараған хабарламаның көшірмесінде. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген. «Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ (Полиция басқармасы – ҚазТАГ) тіркелген. Тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.