Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды
Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды
Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлогтың мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«4 желтоқсанда сағат 21:25-те ВАЗ-21099 автомашинасының салонынан 1989 жылы 20 тамызда өмірге келген «ЖЭО» ЖШС учаскесінің бастығы С.В. Видлогтың мәйіті табылды», - делінген интернетте тараған хабарламаның көшірмесінде.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.
«Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ (Полиция басқармасы – ҚазТАГ) тіркелген. Тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.