Хорватия құрамасы ширек финалға шықты
Хорватия құрамасы ширек финалға шықты
Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді деп хабарлады turkystan.kz
Дайзен Маэда 43-минутта гол соқты. 55-минутта Иван Перишич есепті теңестірді.
Жапония мен Хорватия құрамалары арасындағы кездесудің негізгі бөлімі 1:1 есебімен аяқталды.
Овертаймда да есеп өзгеріссіз қалды. 1/4 финалдың қатысушысы пенальти сериясында анықталды.
Пенальти сериясында сәтті өнер көрсеткен хорватиялықтар келесі кезеңге өтті.