Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. 5 желтоқсанда сағат 07:17-де Шығыс Қазақстан облысының «Коршунова-Черемшанка» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген жылқы үйірін байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді басқан. Алайда апаттың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан пойыз 8 жылқыны қағып кетті. Пойыз болған оқиғаға байланысты 19 минут кешіктірілді. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға орнына Риддер станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетті. Өткізілген тиісті іс-шаралардың нәтижесінде үй жануарларының иесі, ШҚО Глубокое ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды.