Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысады

Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысады

Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысады
ашық дереккөзі
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясының «Аль Наср» клубына ауысады деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz  сайтына сілтеме жасап. Marca басылымының жазуынша, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Роналду «Аль-Наср» клубынан 2,5 жылдық келісімшарт туралы ұсыныс алғанын хабарлады. Ол жарнамалық келісімшарттарды қоса алғанда, жылына 200 миллион еуродан астам табыс табады. Келіссөз аяқталуға жақын, өйткені бұл жолы ешқандай заңдық кедергілер жоқ. 1 қаңтардан бастап Роналду кез келген командаға ауыса алады. Айта кетейік, қазір ойыншы Португалия құрамасымен бірге Катарда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Португалия 1/8 финалда Швейцариямен кездеседі. Ал матч 6 желтоқсанда өтеді.