Жаңалықтар

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы елге оралды

ашық дереккөзі

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы елге оралды

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң АҚШ-тан елге оралды деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, 6 қарашада Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular титулы үшін өткен жекпе-жекте Дэвид Моррельден нокаутпен жеңіліп қалған болатын. Кездесуден кейін Айдос жасанды комаға түскені белгілі болды. Айдос инстаграм желісіндегі Stories бөлімінде оны әуежайда туыстары мен достары қарсы алған сәтінен фотосуреттер жариялады.