Жаңалықтар

Көкпаршы қыз туралы фильм жарыққа шығады

ашық дереккөзі

Көкпаршы қыз туралы фильм жарыққа шығады

Қазақстанда «Ева. Батыр-қыз» атты ерлермен бір деңгейде көкпар ойнайтын қыз туралы деректі фильм түсірілді деп хабарлады turkystan.kz el.kz-ке сілтеме жасап. «Ева. Батыр-қыз» фильмі қазақтың ұлттық спорт ойыны көкпарға арналған, оның атауы жалпытүркілік «кок бору» — көк бөрі сөзінен шыққан. Көкпар қарсыласты жеңу үшін қажетті күш пен төзімділікке тәрбиелейді. Фильмнің желісі - бала кезінен дала өркениетінің рухын бойына сіңірген және өзінің сүйікті ісімен айналысу құқығы үшін күрескен мықты қыз туралы. Басты кейіпкер Ева Жигалина алғаш рет атқа 10 жасында мінді, бастапқыда әкесіне мал жаюға көмектесіп, жәй ғана атпен серуендейтін. 13 жасында ауыл тұрғындары асау аттарын үйрету үшін жұмысқа жалдай бастады, ал 15 жасында Ева көкпар ойнай бастады.