Қазақстандықтар жаппай Түркиядан үй сатып алуда

Қазақстандықтар жаппай Түркиядан үй сатып алуда

Қазақстандықтар жаппай Түркиядан үй сатып алуда
ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың Түркиядан жылжымайтын мүлік алуға деген қызығушылығы күн санап артуда. Бұл жөнінде Hayat Estate шетелдік жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушы серіктесі Вячеслав Фоменко хабарлайды. 2015 жылдың бірінші тоқсанында Түркиядан қазақстандықтардың алған пәтерлер саны өткен жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға өскен. Әсіресе, Стамбул, Жерорта теңізінің жағалауындағы Алания мен Анталиядағы тұрғын үйлерге деген сұраныс жоғары болып отыр.

Шағын пәтерлер құны 50-60 мың еуро, теңіз жағасындағы виллалар — 150-200 мың еуроны құрайды. Мәселен, Аланияда 40 мың еуроға ауданы 40-50 шаршы метр болатын, теңізден 300 метр қашықтықтағы, жаңа кешенде орналасқан, асханасы мен жуынатын бөлмесі жабдықталған пәтер алуға болады. Стамбулда қайталама нарықтағы тұрғын-үйдің орташа бағасы шаршы метрі үшін 960 еуроны, негізгі нарықта — шаршы метрі үшін 1 300 еуроны құрайды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алушылар Түркия банкінен 50%-ға дейінгі мөлшерде ипотекалық несие ала алады. Одан бөлек, түрік банктерінен 20 жылға дейінгі мерзімде несие алуға мүмкіндік жасалған. Түркиядан жылжымайтын мүлік алу үшін шетелдік төлқұжат қана керек. Бастапқы жарнасы тұрғын-үйдің бағасының кем дегенде 30%-ын құрайды. Бүгінгі таңда қазақстандықтар көп жағдайда Түркияда тұрақты тұру үшін жылжымайтын мүлік сатып алуда. Шетелдіктерге түрік қалаларындағы жағымды климат, қолжетімді әрі дамыған инфрақұрылым ұнайтын көрінеді.