Қай өңірдің дәрігерлері ең жоғары жалақы алады?

Қай өңірдің дәрігерлері ең жоғары жалақы алады?

Қай өңірдің дәрігерлері ең жоғары жалақы алады?
ашық дереккөзі
Бір жылда еліміздің денсаулық сақтау саласына тартылған инвестицияның жартысына жуығы Астана қаласы мен Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі болған. Бұл туралы turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
«Денсаулық сақтау саласында негізгі капиталға бөлінген инвестицияның көлемі қаңтар-қазан аралығында 168,9 млрд теңге болды. Бұл былтырғы кезеңнен 18,1% артық. Өңірлер арасында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге бөлінген инвестицияның ең үлкен бөлігі Астананың үлесіне тиді – 51,1 млрд теңге. Сондай-ақ Жамбыл (15,6 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (15,3 млрд теңге) облыстарына жұмсалған ақшаның көлемі айтарлықтай жоғары. Аталған салаларға ең аз қаражат бөлінген өңірлер Атырау (447,6 млн теңге) және Ұлытау (496,6 млн теңге) облыстары болды» деп жазды Finprom.kz.
Әлеуметтік қызметтер мен денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың ішінде жергілікті бюджеттер мен жеке қаражаттың үлесі артқан – тиісінше 53,7 млрд теңге және 53,4 млрд теңге. Ал республикалық бюджеттен бөлінген сома – 35,1 млрд теңге. Бұл салалардағы номиналды еңбекақы көлемі биыл 245,2 мың теңге болып отыр. Бұл орташа республикалық айлықтан 18,2% аз (299,8 мың теңге).
«Өңірлер арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы мамандарының ең жоғары номиналды айлығы Астанада тіркелген – 313,7 мың теңге. Бұл саладағы орташа республикалық айлық мөлшерінен 27,9% жоғары. Ең төменгі айлық Шымкентте – 212,7 мың теңге», - деп жазылған сараптамада.