Алдағы үш күнде -35 градус аяз болады

5 желтоқсан, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Алдағы үш күнде -35 градус аяз болады Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысым ықпалында болады. Соған байланысты ашық, аяз, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.
«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды ​​облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз күтіледі», - делінген хабарламада.