Енді таксистер де салық төлейді

Енді таксистер де салық төлейді

Енді таксистер де салық төлейді
ашық дереккөзі
Онлайн платформалар арқылы жұмыс істейтін таксистер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді», - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі ескерілгенін айтты.
«5 әлеуметтік тәуекелден сақтандыруды көздейтін қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе ретінде сақталады. Дегенмен оның мақсатты міндеті өзгеріске ұшырайды. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды ресми түрде жұмыспен қамтылуға ынталандыруды көздейді. Осыған орай, Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салық жүктемесі ендігі жылы 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді», - деді Дүйсенова.