Тест: сіз өзіңіз туралы білмейтін нәрсені көбелектер айтады
Тест: сіз өзіңіз туралы білмейтін нәрсені көбелектер айтады
Бұл психологиялық тест сіз туралы көп ақпарат бермек. Мінезіңіздегі ерекшелік пен өзіңіз білмейтін кейбір қасиеттеріңіз осында айтылады. Суретке қарап, бір көбелекті таңдаңыз.
1-сурет
Сіз жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос бола аласыз. Екінші тараптың пікірін тыңдап, құрметтейсіз. Біліңіз, бұл – құлдық психология емес. Кейде оны түсінбегендер сізді өзіне тәуелді етуді қалайды. Осы мінезіңіздің арқасында көпшілікке ұнайтыныңыз есіңізде болсын.
2-сурет
Бұл көбелекті таңдаған жанның достары көп. Кез келген ортаның гүлі болып жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді. Өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, соны пайдаланады. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады. Бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.
3-сурет
Еңбекқор, мықты адамсыз. Мақсатқа жетудің қысқа әрі тез жолын таңдамай, қиындыққа ұшырағанды қалап тұрасыз. Жаныңыз тәртіпті қалайды. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікпен дос емессіз. Іскерлік, тапсырманы ақылға салып орындау – сізге тән қасиеттер. Сол себепті сирек қателесесіз.
4-сурет
Мінезі – құбылмалы. Саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге деген көзқарасын жиі өзгертіп, іздену үстінде жүреді. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көруді қалайды. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Жұмыс орнында көп отыра алмайды.