Рекорд: Месси Үздік ойыншы атағын сегізінші рет жеңіп алды

Рекорд: Месси Үздік ойыншы атағын сегізінші рет жеңіп алды

Рекорд: Месси Үздік ойыншы атағын сегізінші рет жеңіп алды
ашық дереккөзі
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты деп хабарлады turkystan.kz. Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді. Осылайша Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алмаған. Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.