Қазақстандықтар жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

4 желтоқсан, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады? Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында демалады деп хабарлады turkystan.kz. 1 және 2 қаңтар – Жаңа жыл. Жылдың алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сейсенбі, 3 қаңтарға ауыстырылады. 31 желтоқсан сенбі күніне сәйкес келіп тұр. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін отандастарымыз төрт күн – 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында демалады.