Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Атырауда 8 жасар бала өзенге батқан екі жасөспірімді құтқарды (ВИДЕО)

Атырауда 2 жасөспірім Жайық өзеніне түсіп кеткен. Оның бірін құтқаруға 8 жасар бала көмектескен деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 3 желтоқсанда болған.

Атырау қаласында Жайық өзенінің үстінен салынған бірнеше көпір бар. Соның бірі Балықшы шағынауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайды.

Екі жасөспірім аталған көпірдің тұсында Жайық өзеніне қатқан мұз үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен.

Мұны байқаған 8 жасар Жаңбырбай Серікұлы көмекке келіп, екі жасөспірімнің бірін қолын тартып, судан шығаруға көмектескен. Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісін құтқарып қалған. Кейін суға батқан екі жасөспірімнің бірі – 14, екіншісі 9 жаста екені анықталған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері балаларға алғашқы көмек көрсетіп, ата-аналарына аман-есен тапсырған.

«Баламды ажалдан құтқарған Жаңбырбай Серікұлының әрекеті мен жанашырлығы үшін алғысымды айтуды жөн көрдім. Ол қорқып қашып кетпей, батыл әрекет етті. Қиналған жанға көмегін берген Жаңбырбайдың ата-анасына да ризашылығымды білдіремін», – дейді 9 жасар жасөспірімнің анасы.

Полиция қызметкерлері ауа-райының құбылуына байланысты Жайық өзеніне шықпауды ескертіп отыр. Өйткені өзенде қатқан мұздың қалыңдығы әлі де жұқа екені байқалып отыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button