Синоптиктер бірқатар өңірге ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер бірқатар өңірге ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер бірқатар өңірге ауа райына байланысты ескерту жасады
ашық дереккөзі
4 желтоқсанда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 4 желтоқсан, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.