Түркістанда 50-ден аса отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Түркістанда 50-ден аса отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Түркістанда 50-ден аса отбасы үйсіз қалуы мүмкін
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 50-ден аса отбасы үйсіз қалуы мүмкін. Олар бірнеше жыл бұрын жергілікті кәсіпкерден учаске сатып алып, оған 150 мың теңгеден миллионға дейін ақша берген. Алайда кейінірек жер тұрғын үй салуға арналмағаны анықталған деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша ауыл тұрғындарының қолындағы жалғыз құжат - қолхат. Зардап шеккендердің бірі Мейрамбай Маханов бұл жерді 8 жыл бұрын сатып алған. Ол құжаттарын күтіп жүріп, құрылыс жұмысын бастаған. Ер адам соңғы жинағын үйге салғанын айтады, бірақ оны заңдастыра алмаған.
«8 жылдан бері уәде беріп келе жатыр, «ертең, арғы күні, бір айдан кейін құжат жасаймыз» дейді. Әлі жоқ. Мен сенгіш адаммын, әлі сеніп келе жатырмын», - дейді ол.
Ордабасы ауданының Арман-3 шағынауданында 50-ге жуық отбасы осылай алданып отыр. Олар учаскелерді кәсіпкерден қолайлы бағамен сатып алған. Ол тұрғындарға жердің құжаттарын рәсімдеуге уәде берген. Бірақ осы уақытқа дейін Арман-3 шағынауданында салынған үйлер ешбір жерге есепке алынбаған. Басты жоспар бойынша бұл - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Бұл мәселе тұрғындар дұрыс жол, ауызсу мен жарық сұрай бастағанда белгілі болған. Мұнда рансформатор бар. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол кәсіпкерге тиесілі. Жақында мәселе күрделене түскен.
«Бір учаскенің бірнеше иесі бар. Енді не істеу керек? Жолсыз, сусыз, газсыз өмір сүріп жатырмыз. Трактор жалдап, тасжолға дейін апаратын жол жасау үшін әрқайсынан 2 мың жинадым. Балалар мектепке шаң болып барады. Мұнда тіпті жедел жәрдем де кіре алмайды, олар тасжолдың маңына келеді», - дейді Арман-3 шағынауданының тұрғыны Фарида Спатаева.
Шұбарсу ауылдық округ әкімі Анар Тұрсынбаеваның айтуынша, бұл жер аудандық жер қорына қайтарылуға тиіс, содан кейін ғана әкімшілік тұрғын үй салу туралы шешім шығарылады. Бұл іске полиция араласып, «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал ауыл тұрғындары «үйсіз қалуымыз мүмкін» деп алаңдап отыр.