ҚР құрамасы «әлемнің үздік ұлттық командасы» атағына ұсынылды

ҚР құрамасы «әлемнің үздік ұлттық командасы» атағына ұсынылды

ҚР құрамасы «әлемнің үздік ұлттық командасы» атағына ұсынылды
ашық дереккөзі
Futsal Planet басылымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша «әлемнің үздік құрамасы» сыйлығына үміткерлерді атады, деп хабарлады Vesti.kz. Марапат үшін 10 команда бақ таластыруда. 2016 жылы қазақстандықтар Еуропа чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп, «қоланы» еншілеген болатын. Бұдан кейін, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті. Команда мұндай нәтижеге бразилиялық маман Какаудың арқасында қол жеткізді. Алайда, Какау әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетті. Futsal Planet-тің жүлдесіне үміткерлердің арасында сондай-ақ Ресейдің ерлер және әйелдер құрамалары, Аргентинаның ұлттық және жастар құрамалары, Бразилияның әйелдер құрамасы (20 жасқа дейінгі), Мысыр, Иран, Португалия және Испанияның ұлттық командалары. Futsal Planet жүлдесі әлемдік футзалда беделді сыйлық болып табылады. Жеңімпаз бүтін әлем сарапшыларының дауыс беруі арқылы анықталады. Айта кетейік, «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита әлемнің үздік голкипері атағына ұсынылып отыр.