Ерлі-зайыптылар 3 жасар немересімен үсік шалып қайтыс болды

Ерлі-зайыптылар 3 жасар немересімен үсік шалып қайтыс болды

Ерлі-зайыптылар 3 жасар немересімен үсік шалып қайтыс болды
ашық дереккөзі
Абай облысында ерлі-зайыптылар 3 жасар немересімен бірге үсік шалып көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында болған. Қаладан келген немерелерін үлкендер қонаққа ерте барған. Куәгерлердің айтуынша, қатты аяз басталғанда сыртқа бірінші әжесі, артынша атасы мен немересі шығып кеткен. Кейін олардың өлі денелері ауылдан 50 және 100 метр жерден табылған. Аудандық полиция бөлімі бұл фактіні растап отыр. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.