Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды

Атырау облысында күтпеген жерден «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАпаратқа сілтеме жасап.

Көл Атыраудан 30 шақырым жерде – Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда «Базис Констракшн» АҚ «Су дайындау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – «Karabatan Utilities Solution» ЖШС.

«Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады», – деп хабарлады облыстың экология департаменті.

Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды.

Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button