Жаңалықтар

Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды

ашық дереккөзі

Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды

Атырау облысында күтпеген жерден «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАпаратқа сілтеме жасап. Көл Атыраудан 30 шақырым жерде - Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда «Базис Констракшн» АҚ «Су дайындау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – «Karabatan Utilities Solution» ЖШС. «Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады», - деп хабарлады облыстың экология департаменті. Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды. Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.