Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері өмірден өтті

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері өмірден өтті

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері өмірден өтті
ашық дереккөзі
Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов қайтыс болды. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы небәрі 78 жаста еді», - делінген хабарламада.
Әлжан Мүсірбекұлы – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.