Роман Скляр төтенше жағдай аяқталғанға дейін Екібастұзда болады

Роман Скляр төтенше жағдай аяқталғанға дейін Екібастұзда болады

Роман Скляр төтенше жағдай аяқталғанға дейін Екібастұзда болады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Роман Скляр жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 298 адам, 53 техника жұмылдырылды. 3 желтоқсандағы сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық агрегат жұмыс істеп, төртеуі резервте тұр.