Екібастұзға көмек: ТЖМ құтқарушылар мен әскери бөлімнің жеке құрамын жіберді

Екібастұзға көмек: ТЖМ құтқарушылар мен әскери бөлімнің жеке құрамын жіберді

Екібастұзға көмек: ТЖМ құтқарушылар мен әскери бөлімнің жеке құрамын жіберді
ашық дереккөзі
ТЖМ Екібастұзға көмек көрсету үшін қосымша күштер мен құралдар жіберді деп хабарлады turkystan.kz Азаттық рухы агенттігіне сілтеме жасап. Алғашқы күннен бастап ТЖМ Павлодар облысындағы бөлімшелері коммуналдық қызметтерге апаттың салдарын жоюға көмекке жұмылдырылуда. Су басқан орындардан су сорып шығару үшін сорғылар қолданылды. Ауруханаларда жатқан  балалар мен пациенттерді Екібастұз қаласынан Павлодар қаласына эвакуациялауға көмек көрсетілді. Жертөле үй-жайларын жылыту мақсатында бензин генераторлары орнататылып, жылу пушкаларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.
«Екібастұз қаласына қосымша ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Оған Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары және 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы кірді. Бағытталған күштер мен құралдар жылыту құралдарымен (жылу пушкалары), электр қуатының дербес көздерімен, жарықтандыру аспаптарымен және байланыс құралдарымен жасақталған», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.
Жылу желілерінің авариялық учаскелері бойынша күштер мен құралдарды бөлу жүргізілді. Коммуналдық қызметтермен бірлесіп жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен мүделлі ұйымдардың жылыту пункттері орнатылды.