Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді (ВИДЕО)

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді (ВИДЕО)

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шара жүргізді. ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Бұл дерек расталды. Күдікті – 42 жастағы Х. есімді ер адам. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ, белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша тіркелді. Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады. https://www.youtube.com/watch?v=qIC27Kda_94