Жаңалықтар

Тұман, жел, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады?

ашық дереккөзі

Тұман, жел, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 3 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метр. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең кей уақытта тұман болады. Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метр. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Алматыда түнде және таңертең тұман болжанады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұманды.