Жаңалықтар

«Жетеуінің жағдайы ауыр»: өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

ашық дереккөзі

«Жетеуінің жағдайы ауыр»: өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар туралы жаңа мәліметті жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ДСМ хабарламасында. Сонымен қатар КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр ал 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.