Әлем чемпионаты: Камерун құрамасы Бразилияны жеңді

Катардағы «Лусаил Айконик» стадионында Камерун мен Бразилия құрамалары арасындағы әлем чемпионатының G тобындағы үшінші тур ойыны аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.
Африка құрамасы Оңтүстік Америка өкілін минималды есеппен ұтты. Есеп – 1:0. Кездесудің соңындағы қосымша минутта жалғыз голды Винсан Абубакар соқты.
Бүгінгі жеңісіне қарамастан Камерун құрамасы келесі кезеңге өте алмады.
Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!