ӘЧ: Луис Суарес көз жасына ерік берді

ӘЧ: Луис Суарес көз жасына ерік берді

ӘЧ: Луис Суарес көз жасына ерік берді
ашық дереккөзі
Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес әлем чемпионатының үшінші турында Ганаға қарсы ойынның (2:0) соңғы ысқырығынан кейін көз жасын тыя алмады деп жазды turkystan.kz. Оның командасы жеңіске жетті, бірақ турнирдің плей-офф кезеңіне өте алмады. Нәтижесінде, уругвайлықтар Оңтүстік Корея құрамасымен бірдей ұпай жинады (4), бірақ чемпионатта аз гол соқты. Луис Суарес ұлттық құрамадағы дебютін 2007 жылдың ақпан айында өткізді. Содан бері 137 ойында 68 гол соғып, 39 нәтижелі пас берген. Онымен бірге Уругвай үш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан.