Жексенбі, 5 Ақпан, 2023

Ресейде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Оқиға 2 желтоқсан күні Приморск өлкесінде болған деп хабарлады turkystan.kz.

«МиГ-31 әуеге көтерілгеніне көп уақыт өтпестен апатқа ұшырады. Ұшақ Алексеевка ауылының маңындағы орманға құлады. Ал экипаж секіріп үлгерген» деп жазылған хабарламада.

Ұшқыштың жағдайы тексеріліп жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ», – деді елдің төтенше жағдайлар қызметі.

Оқиға туралы ақпаратты Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі де растады. МиГ-31 ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу тапсырмасын орындау үшін көкке көтерілген.

Оқиға орнына іздеу-құтқару қызметінің Ми-8 тікұшақтары жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button