7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет 3 желтоқсанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с. Шымкент ққаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.