Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ
Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты шектеу енгізу жоспары туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Пандемия басталғаннан бері Қытайда өте қатаң шектеу шаралары қабылданды. Осы орайда, олар инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән береді. Қазір ол елде ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар», - деді А. Ғиният Үкімет кулуарында.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу әзірге жоспарда жоқ.
«Елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырғанын, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілгенін, ұжымдық иммунитет қалыптасқанын, сондай-ақ омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған», - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.