Ақтөбеде әйелдердің ел дамуындағы рөлі талқыланды

Ақтөбеде әйелдердің ел дамуындағы рөлі талқыланды

Ақтөбеде әйелдердің ел дамуындағы рөлі талқыланды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумы Ақтөбе облысында жалғасын тапты деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шарада әйелдердің жаңа заманауи ортадағы мақсаттары талқыланды. Жүйелі мәселелерді шешудің ортақ жолы қарастырылып, қатысушылар жетістікке жету жолымен бөлісті. Форумға 200 әйел қатысты. Форумды «Орда FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі жүргізді. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Асылжан Бүркіталин партияның барлық саладағы әйелдердің рөліне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Партияның Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Сарманова әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова сенім, құрмет және ортақ мүдделер негізінде адамдар арасында берік, өзара тиімді қарым-қатынас құру жолдарын сөз етті.  width= Ақтөбе облысындағы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Күлпаршын Айдарханова әйелдер көшбасшылығын ілгерілету туралы пікірімен бөлісті. Ол Ақтөбе облысындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы қызметіне 252 әйел жүгінгенін мәлімдеді. Оның ішінде 57 көпбалалы ана, 5 аз қамтылған отбасы, 11 еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет алды.
«Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істегісі келетіндер үшін ешқандай кедергі жоқ. Ол үшін ауыл әйелдерін кәсіпке бейімдеу, ауылдарды дамыту, оларды жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жасқартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Жалпы статистикаға жүгінсек, елімізде әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі - 42,3 пайыз. Сондықтан әйелдер қауымы еліміздің экономикасы мен кәсіпкерлік саласын дамытуға үлкен үлес қосып отыр деп айтуға негіз бар», - деді ол.
Басқосуда облыстық мәслихат депутаты Жұлдыз Қожабекова, «Анаға тағзым» орталығының медиаторы Бибігүл Әбілдаева, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Жанар Айтбай және тағы да басқа спикерлер сөз сөйледі. Ал Қарабұтақ ауылындағы «Балбұлақ» балабақшасының меңгерушісі Қалима Қалжанова форумның маңызын атап өтті.
«Қазір кәсіп ашқысы келетіндерге мемлекет тарапынан қолдау бар. Біздің Қарабұтақта екі мемлекеттік балабақша бар. Бес жүздей түтіні бар ауылымызда бала саны жылдан жылға өсіп келеді. Негізі, тағы бір балабақша ашуға сұраныс бар», - деді ол.