Жаңалықтар

Ақтөбеде әйелдердің ел дамуындағы рөлі талқыланды

ашық дереккөзі

Ақтөбеде әйелдердің ел дамуындағы рөлі талқыланды

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форумы Ақтөбе облысында жалғасын тапты деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шарада әйелдердің жаңа заманауи ортадағы мақсаттары талқыланды. Жүйелі мәселелерді шешудің ортақ жолы қарастырылып, қатысушылар жетістікке жету жолымен бөлісті. Форумға 200 әйел қатысты. Форумды «Орда FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі жүргізді. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Асылжан Бүркіталин партияның барлық саладағы әйелдердің рөліне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Партияның Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Сарманова әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова сенім, құрмет және ортақ мүдделер негізінде адамдар арасында берік, өзара тиімді қарым-қатынас құру жолдарын сөз етті.