Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген азаматтың соты басталды

Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген азаматтың соты басталды

Шымкентте әйелін пышақтап өлтірген азаматтың соты басталды
ашық дереккөзі
Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін 5 жерінен пышақтап өлтірген 50 жастағы Ермек Қабылбаевқа қатысты іс қарала бастады деп хабарлады turkystan.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап. Іс бойынша жәбірленуші ретінде қайтыс болған әйелдің туысы Ержан Қыстаубаев танылған. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен қозғалған іске судья Әбсаттар Шахидинов төрағалық етуде. Сотқа айыпталушы Ержан Қыстаубаев тергеу изоляторынан жеткізілген. Күдікті Қабылбаевтың адвокаты істі жабық өткізуді сұрағанымен судья журналистердің қатысуына рұқсат етті. Бірақ айыпталушының қарсылығынан соң фото, видео түсіруге тыйым салынды.
«Алғашында «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен іс қозғалды. Қарсы болдық. Журналистер араласқан соң іс қайта сараланды. Ол (Ермек Қабылбаевты айтады – ред.) айыпты мойындағанымен, сотта еркін отыр. Бүгінге дейін бізден кешірім сұрап ешкім келмеді. Талабым – адам өлтірді ме сотталу керек», – деді Ержан Қыстаубаев.
Қыстаубаевтың сөзінше, 39 жастағы қарындасы Раушан Перманова 29 тамыз күні азаматтық некеде тұрған күйеуі Ермек Қабылбаевтың қолынан қаза тапқан. Іс бойынша сот-медицина сараптамасы шыққан. Сараптама қорытындысы бойынша, айыпталушы марқұмның 5 жеріне пышақ сұққан соң екі минутта жан тапсырған.
«Күретамырына пышақ сұғып, мал сияқты бауыздаған. Қасақана өлтірген», – деді жәбірленуші.
Марқұмның артында екі қызы қалған. Олар қазір Қыстаубаевтың қамқорлығына өткен. Сот процесінде айыпталушы тағылған айыпты мойындайтынын айтқан. Прокурор айыптау актісін 9 желтоқсан күні келесі сот отырысында оқиды.