Кейінгі екі жылда 237 әскери қызметкер қайтыс болды – Дана Нұржігіт

Кейінгі екі жылда 237 әскери қызметкер қайтыс болды – Дана Нұржігіт

Кейінгі екі жылда 237 әскери қызметкер қайтыс болды – Дана Нұржігіт
ашық дереккөзі
Сенат депутаты Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жұмысына баса назар аудару керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Кейінгі 2  жылда 237 әскери қызметкер көз жұмған. Бұл азаматтардың 89-ы аурудан, 62-сі жол апаты салдарынан, 50-і өзіне қол жұмсаған», – деді Дана Нұржігіт.
Ол сондай-ақ әскерге денсаулығы жарамайтын жастардың да көп шақырту алып жатқанын тілге тиек етті.
«Біз 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психикасы, психологиясы үнемі бақылауда болуы керек деп есептейміз. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапшада  жиналып тұрғаны дұрыс. Қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр», - деді ол.
Сенатор әскери қызметшілердің қоғамдағы мәртебесін көтерудің маңызы туралы айтты.
«Қарулы күштер қатарына келісімшарт бойынша қызметке келген солдаттың жалақысы – 82 мың теңге. Қазақстан дәрігерлерінің жалақысы көтерілгенде, еліміздің әскери дәрігерлері бұл үлестен қалыс қалып отыр. Бүгінде олардың жалақысы 200 мың теңгені құрайды. 2021 жылдан бері «Әскери баспана» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» алғашқы жарнаны 5%-дан  20%-ға дейін өсірген. Ал жалақысы 100 мыңға да жетпейтін жас әскери маман баспананың алғашқы 20 пайызын қалай төлейді? Осыдан кейін барып, әскери адамның қоғамдағы мәртебесі туралы қандай сөз қозғауға болады?!», - деді халық қалаулысы.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)