Жаңалықтар

«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен 3 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

ашық дереккөзі

«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен 3 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Жер аманаты» комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында атқарылған жұмыстың аралық қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды. «Былтыр Президент игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясының жанынан құрылған осы біздің «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысып келеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты», - деді Ерлан Қошанов. Ол аз уақыт ішінде комиссияның «жедел желісіне» тұрғындардан 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті. Оның барлығы жергілікті әкімдіктермен және бейінді министрлікпен бірлесіп мұқият қаралды. «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.