Жаңалықтар

«Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті

ашық дереккөзі

«Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы мен Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен әйелдер форумы өтті. «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» тақырыбында өткен басқосуда қазіргі замандағы әйелдердің рөлі талқыланды. Сонымен қатар жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ жиын демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдердің жаңаша рөлін бағамдап, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әйелдер арасында қаржылық сауаттылық проблемаларын шешуге және өзін-өзі бағалауды, дамытуды арттыруға арналды. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген партияның Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абдолла Хамиұлы қоғамдағы әйелдердің рөлі, шағын және орта бизнестегі белсенділігі айтарлықтай артқанын атап өтті. Жиынды журналист, «Орда FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі ашып жүргізді. Парламент Мәжілісінің депутаты, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрайымы Динара Закиева, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің сарапшысы Рысты Жұмабекова және тағы басқалары сөз сөйледі.