2023 жылғы түлектер үшін ҰБТ-ның шекті балы бекітілді

2023 жылғы түлектер үшін ҰБТ-ның шекті балы бекітілді

2023 жылғы түлектер үшін ҰБТ-ның шекті балы бекітілді
ашық дереккөзі
Ұлттық тестілеу орталығы 2023 оқу жылындағы ҰБТ-ның шекті балы туралы мәлімет жариялады  деп хабарлады turkystan.kz. Білім салалары бойынша 2023 жылғы шекті балл: «Құқық» – кемінде 75 балл; «Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл; «Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл; «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл. Сондай-ақ, ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл. Әр пән бойынша шекті балл - 5. Әр жоғары оқу орны білім бағдарламасы тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.