Қостанайда питбуль әйелді талап тастады (ВИДЕО)

Қостанайда питбуль әйелді талап тастады (ВИДЕО)

Қостанайда питбуль әйелді талап тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қостанай қаласында тұмылдырықсыз жүрген питбуль әйелді талап тастады. Полиция иттің иесін іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Иттің қатты жүгіріп келіп, әйелге тап бергені анық көрініп тұр. Артынан иесі жүгіріп келген. Ол питбульді теуіп, айырып алды. Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға Текстильщиков көшесінде, Мәдениет үйінің жанында болған. Питбуль алдымен әйелдің итіне, одан кейін өзіне тап беріп, екі аяғынан тістеп алған. Қысқы киімнің арқасында сүйегі сау, бірақ екі аяғынан да жарақат алды. Питбульдің иесі кетіп қалған. Ал жарақат алған әйелді екі жігіт көлікпен ауруханаға жеткізді. Қалалық Полиция басқармасы 26 қарашада 46 жастағы әйел арыз түскенін хабарлады. Қазіргі кезде иттің иесі іздестіріліп жатыр. Әкімішілік құқықбұзушылық кодексінің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ит иесіне үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетуді бұзғаны үшін 10 АЕК (31 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.