Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі қызметінде қалды

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі қызметінде қалды

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі қызметінде қалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Айта кетсек, Нұржан Нұржігітов облыс басшысы болып осы жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.