Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді

Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен оның адвокаты Игорь Вранчев облыстық сотқа бірінші сатыдағы сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірді. Облыстық соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады деп хабарлады turkystan.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ө.Адамов пен оның қорғаушысы К.Адамова да аппеляциялық шағым түсірген. Бірақ, іс әлі сотқа жеткен жоқ, себебі, А.Рысқалиевтің адвокаты Н.Жолболов апелляциялық шағым түсіргенімен, Рысқалиевтің өзі әлі аппелляциялық шағым түсірген жоқ. Апелляциялық шағым беру мерзімі сотталған адам тергеу изоляторында үкім мәтінін алған кезден бастап есептеледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 15 қарашада Атырау қалалық №2 соты облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев пен кәсіпкер Өміртай Адамовқа қатысты үкім жариялады. Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға шегерілді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұдан басқа, сот Мемлекет басшысына оны «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді. Жазасын өтеу кезінде оның тергеу изоляторында отырған 11 айының әр тәулігі бір жарым тәулік деп есептелетін болады. Сот үкімімен А.Рысқалиев - 7 жылға, Ө.Адамов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.