Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
«Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлықта.
Нариман Төреғалиев 1964 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.
2017 жылдан бастап бүгінге дейін Сенат депутаты болды.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі лауазымын атқарды.