Германия мен Коста-Рика әлем чемпионатымен қоштасты

1 желтоқсан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Германия мен Коста-Рика әлем чемпионатымен қоштасты Коста-Рика мен Германия құрамалары арасындағы ойын аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Бүгінгі матчта 4:2 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан қоржынында 4 ұпайы бар немістер әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмады. Топта соңғы орын алған Коста-Рика да әлем чемпионатымен қош айтысты. Турнирдің плей-офф кезеңіне 6 ұпай еншілеген Жапония және қоржынында 4 ұпайы бар Испания шықты.