Әлем чемпионаты: Жапония құрамасы Испанияны жеңді

Әлем чемпионаты: Жапония құрамасы Испанияны жеңді

Әлем чемпионаты: Жапония құрамасы Испанияны жеңді
ашық дереккөзі
Жапония құрамасы әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші тур ойынында Испания құрамасын жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Матчтың 11-минутында Альваро Мората Испанияны алға шығарды. Кездесудің 48-минутында Рицу Доан есепті теңестірді. Ал 51-минутта Ао Танака есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша,  Азиядан келген футболшылардың мерейі үстем болды. Осы нәтиженің арқасында 6 ұпай жинаған Жапония әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.