Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

Елена Рыбакина алматылықтармен кездесті

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келді деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы жайлы және жаңа маусымдағы ой-жоспарымен бөлісті.

«Ең алдымен мені жылышырайда қарсы алғандарыңызға алғыс айтамын. Уимблдондағы жеңістен кейін Астанаға ұшып келіп, жанкүйерлеріммен кездестім. Астанадан кейін Алматыға келуім керек еді. Бірақ өзімді жайсыз сезінгендіктен, сапарымды кейінге қалдырдым. Міне, соның сәті енді туып отыр. Осында сіздермен әңгіме-дүкен құрып, жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», – деді Е.Рыбакина.

2211301812267334g

2211301812259678g

Елена Рыбакина желтоқсан айының ортасында Әбу-Дабиде өтетін көрме-жарысқа қатысатынын, сосын Дубайда жаңа маусымға дайындалатынын жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының жаңа жылдағы алғашқы жарысы Аустралияның ашық чемпионаты болмақ.

2211301812278376g

2211301812238694g

Баспасөз мәслихатынан кейін теннис орталығының тәрбиеленушілері атақты спортшымен кортқа шықты. Елена балалармен бірге жаттығып, шеберліктерін арттыру бағытында ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарына жауап берді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button