Маңғыстаудағы кен орнынан көне құлпытас табылды

Маңғыстаудағы кен орнынан көне құлпытас табылды

Маңғыстаудағы кен орнынан көне құлпытас табылды
ашық дереккөзі
Ақтау маңындағы кен орнынан мұнайшылар көне құлпытас тауып алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Құлпытасты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында орналасқан Доңға кен орнының жұмысшылары жұмыс кезінде тауып алған. «Құлпытасты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында орналасқан Доңға кен орнынан тауып алдық. Бұл қабір біздің археологтардың зерттеулері кезінде пайдаға асады деп үміттенеміз», – деп отыр жұмысшылар. Ескі құлпытас Ақтау-Форт-Шевченко автожол бойында орналасқан. «Құлпытас табылған Доңға кен орнына арнайы мамандар барды. Көне зат тұрған аумақтың жан-жағы қазылып қалғандықтан құлпытас орнынан ығысып кеткен сияқты. Құлпытастың нақты қай ғасырға жататынын білмейміз. Арабша жазуы бар. Оны араб тілін білетін мамандарға оқытамыз. Бұл жерге тағы да зерттеу жұмыстары жүргізіледі»,– деді Маңғыстау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Расул Алиев.