Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды
ашық дереккөзі
Оқиға орнында бір адам қайтыс болды, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмған деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты бүгін сағат 12:30-да «Тараз — Айша бибі» тас жолында болған. Subaru Impreza көлігінің 49 жастағы жүргізушісі облыс орталығынан шығып, Айша бибі ауылына бара жатқан. Үшінші шақырымда Mercedes-Benz-тен озамын деп жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ол көліктің жүргізушісі кілт солға бұрылған. Subaru Impreza оны бүйірінен соққан. Содан инерциямын солға қарай ұшып кетіп, Audi-ге соғылғаннан кейін аударылып кеткен. Subaru Impreza-ның жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал онымен бірге болған 21 жастағы жолаушы дереу Тараз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ жас жігіт есін жимастан көз жұмды. Полиция тергеу шараларын бастады. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша іс қозғалды.